Біліктілік арттыру курстары – үздіксіз кәсіби даму кепілі

13 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 10-28 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың 6 курсы жүргізілуде.

Біліктілікті арттыру курсының мақсатыоқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын үйрету.

Толығырақ...

Әріптестерге әдістемелік қолдау

 

11 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 27 мамыр – 7 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қызылорда филиалының аға оқытушысы О.Маханбетовтің жетекшілігімен «Физика» пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсы болып өтті.

Көкшетау қаласындағы институт базасында өткізілген курсқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінен 19 мұғалім қатысты.

Толығырақ...

Жаңаша оқытудағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері

 

7 маусым 2019 жыл

2019 жылғы маусым айының 5-6 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Ж.Жубауова Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледж базасында колледждің бітіруші түлектері үшін «Жаңаша оқытудағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Толығырақ...

Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар

29 мамыр 2019 жыл

2019 жылдың 29 мамыры күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімдігі және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемов кіріспе сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, 

Толығырақ...

Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: мүмкіндіктері мен даму болашағы

29 мамыр 2019 жыл

2019 жылдың 29 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: мүмкіндіктері мен даму болашағы» тақырыбында Республикалық онлайн конференция өткізілді.

Конференция мақсаты – білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелерін айқындау, мүмкіндіктері мен даму болашағын зерттеу және инновациялық тәжірибе тиімділігін талқылау барысында пән мұғалімдерінің 

Толығырақ...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ