Тоқсан жылдық тарихы бар колледж

15 қазан 2019 жыл

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне 90 жыл толды. Осыған орай аталмыш білім ордасында салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі М.Ергешбаев, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Облыстық білім және ғылым кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, профессор Б.Кожамберлиев және ардагер-ұстаздар, білім ордасының түлектері, облыс колледждерінің оқытушылары қатысты.

Бастауыш ұйым – партия тірегі

 

4 қазан 2019 жыл

«Nur Otan» Партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты 36 бастауыш партия ұйымдары арасында 2019 жылдың 1-3 қазан аралығында «Бастауыш ұйым – партия тірегі» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Спорттың 5 түрінен өткен шараға бастауыш партия ұйымдарының 500-ден астам мүшелері қатысты. Жарыста қол күресі, бес асық, тоғызқұмалақ, асық ату және арқан тартудан өткен сайыста мықтылар анықталды.

«Өрлеу» бастауыш партия ұйымы ашылды

27 қыркүйек 2019 жыл

2019 жылдың 26 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Nur Otan» Партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Ш.Абдрахманов «Өрлеу» бастауыш партия ұйымын ашты.

Күн тәртібіне сәйкес «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов сайланды.

Руханият ұлықтаған ұлағат

 

8 қазан 2019 жыл

А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі қаламгер, балалар ақыны, ұстаз-ғалым Рахат Наурызбайқызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Руханият ұлықтаған ұлағат» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Шығармашылық кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және кәсіподақ комитетінің төрағасы О.Маханбетов, білім беру ұйымдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері қатысты.

Ұстазды ұлықтау

3 қазан 2019 жыл

2019 жылдың 3 қазаны күні Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы №140 орта мектепте «Ұстаз ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті.

Салтанатты шараға «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Н.Мыңжас, «Өңірлік оқыту» орталығының басшысы Н.Мусаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихшы-ғалымдары, мектеп директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлымен кездесу

25 қыркүйек 2019 жыл

2019 жылдың 21 қыркүйек күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы қаладағы жаңадан салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс алаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М.Бақтиярұлы «ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауынан туындайтын міндеттер» тақырыбында бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен 

Тұлға тағылымы – ұрпаққа аманат

7 қазан 2019 жыл

2019 жылдың 5 қазаны күні Қызылорда қаласындағы С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Смағұл Ысқақовтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Тұлға тағылымы – ұрпаққа аманат» атты еске алу кеші болып өтті.

1963-1985 жылдары облыстық кәсіптік техникалық білім беру басқармасының басшысы болған С.Ысқақов осы саланың өркендеуіне зор еңбек етті.

Тағылымды кешке Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шынтасов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы 

Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты

30 қыркүйек 2019 жыл

2019 жылдың 30 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Мектеп-ата-ана-қоғам» қоғамдастығының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы №257 орта мектепте «Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау жүйесінің мазмұны мен мақсаты» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Әдістемелік семинарда ата-аналар және пән мұғалімдерімен критериалды бағалау, жиынтық бағалау кезеңдері мен үдерісі, ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы бағалаудың орны, ата-ананың педагогикалық әдебі тақырыбында шеберлік сыныбы, сындарлы диалог жүргізілді.

Жаңартылған білім беру жағдайында «Көркем еңбек» пен «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың ерекшеліктері

23 қыркүйек 2019 жыл

2019 жылғы 20 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жедел жоспарына сәйкес институтта «Жаңартылған білім беру жағдайында «Көркем еңбек» пен «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Көркем еңбек» және «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін айқындау, инновациялық тәжірибе тиімділігін талқылау, өзара тәжірибе алмасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ