«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» байқауы

19 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 14-15 наурызы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы №8 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» атты облыстық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметін арттыру, пән бойынша ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау.

Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары

14 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 14 наурызы күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Мектепалды білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және мектепалды даярлық топтары педагогтерінің тәжірибесін жетілдіру мен кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир өтуде

5 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 1-6 наурыз аралығында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир өтуде.

Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген 

Білім берудің жаңа мазмұны – болашаққа нық қадам

 

15 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 15 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы №215 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңа мазмұны – болашаққа нық қадам» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып оқушының ізденгіштік, танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланды

 

13 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 13 наурызы күні «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім беру» бағытындағы Аймақтық комиссиясының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас мәселесі» тақырыбында аймақтық комиссия отырысы өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері

 

4 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 4 наурызы күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Ер тарғын» балабақшасы бірлесіп «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Оқушы, ұстаз, ата-ана үштік одағының ынтымақтастығы

14 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 14 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қызылорда қалалық білім бөлімі және Қызылорда қаласындағы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Оқушы, ұстаз, ата-ана үштік одағының ынтымақтастығы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты – оқушылармен жеке жұмыстар жүргізе отырып, кешенді әлеуметтік қызмет көрсету, сынып жетекшілермен жоғары 

«Ұлы Жібек жолы» атты облыстық конференция

12 наурыз 2019 жыл

2019 жылдың 12 наурызы күні Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы Жібек жолы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты – Елбасы мақаласы бойынша өңіріміздегі зиялы қауым өкілдерімен пікірлесіп, насихаттау, жастарды халқымыздың тарихи мұраларын, құндылықтарын бағалауға үйрету. 

Ұлы Даланың жеті қыры – тарихи сананы жаңғырту

 

28 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 28 ақпаны күні «Болашақ» университетінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты осы университеттің колледжімен бірлесіп «Ұлы даланың жеті қыры – тарихи сананы жаңғырту» тақырыбында колледждердің І курс студенттері арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен дәстүрлі облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиада жұмысын колледж директоры Ш.Досжанова ашып, бағдарламамен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ