Касымканова Роза Жумагазиевна

Касымканова Роза Жумагазиевна 1956 жыл 11 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының «Француз тілі» мамандығына оқуға түсіп, оны 1980 жылы бітіріп, «Француз тілі мұғалімі» біліктілігін алған.

Касымканова Р.Ж. еңбек жолын 1973 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек совхозында сушы болып бастаған.

1980 жылдан 1985 жылға дейін Қызылорда «Асханалар мен ресторандар трестінде» экономикалық білім инженері қызметін атқарған.

1985 жылдан Қызылорда №3 кәсіптік техникалық училищесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1997 жылы училищенің жабылуына байланысты облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының Кәсіптік білім беру кабинетінің әдіскерлік жұмысына орналасқан.

2000 жылы институттың Үздіксіз білім беру кабинетінің нарықтық қатынастар сұраныстарына байланысты туындайтын курстарының меңгерушісі қызметіне тағайындалған.

2001 – 2004 жылдары институттың Оқу бөлімінің,  Кәсіптік-техникалық білім беру, Еңбекке баулу кабинетінің,  Мемлекеттік қызметшілерді оқыту кабинетінің әдіскері қызметтерінде жұмыс атқарған.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту кабинетінің әдіскері қызметін атқарған уақытында Қалалық жұмыспен қамту орталығымен тығыз қатынас орната отырып, жұмыссыздарды қайта даярлау мақсатында ақылы білім сатысы оқуларын ұйымдастырған.

2004 жылы қызметтен қол үзбей жүріп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Кәсіптік оқыту» педагогы мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды.

2004 жылдың қазан айынан бастап институттың Кәсіптік білім беру мекемелері, технология кабинетінің әдіскері қызметіне ауыстырылған.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Бастауыш және орта кәсіптік білім беру кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2012 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарды.

2006 жылдан 2013 жылға дейін Касымканова институттың кәсіподақ  комитетінің төрайымы қызметін атқарды. Институттың  қоғамдық  жұмыстарына  белсенді қатысты.

Арнаулы пәндердің оқытушылары, колледждердің өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Особенности национальной казахской кухни» атты әдістемелік құралдың, «Озық технология – технологияда» атты дидактикалық құралдың, үйірме жұмысын ұйымдастыру бойынша жинақтың авторы.

Кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды даярлау мен тәрбиелеуде қол жеткен табыстары үшін Облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен, Республикалық біліктілік арттыру институтының, Облыстық Білім басқармасының грамоталарымен марапатталған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ