Білім беру ұйымдарындағы роботты техника

2019 жылдың 3 желтоқсаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Білім беру ұйымдарындағы роботты техника» тақырыбында Облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – мұғалімдердің робот техникасы құралдарын қолдану саласында ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Семинар жұмысына қалалық оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің жетекшісі Р.Сариев, техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинарды оқу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Кожамберлиев кіріспе сөзбен ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында мұғалімдер өз тәжірибелерінде роботты техниканың қолдану әдістерімен және тың идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар мұғалімдердің әлеуетін және роботты техника саласында кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектептерде роботты техниканы оқыту мүмкіндіктерін қолдану, оқушылардың ғылыми-техникалық салаға қызығушылықтарын арттыру тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Семинар қорытындысында белсенді қатысушыларға институт тарапынан Құрмет грамотасы, Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ