Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі

 

2019 жылдың 28 қарашасы күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығына орай «Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов, облыстық ақпарат құралдарының басшылары, елімізге белгілі ғалымдар мен журналистика саласының білікті мамандары, қаламыздың зиялы қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов қос басылым ұжымын мерейтоймен құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Конференция аясында «Суреттер сыр шертеді» атты фототілшілер Б.Омарәлиев, И.Титенок, Н.Нұржаубайдың еңбектерінен фотокөрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар өткен дәуір дерегін таңбалап, бүгінге дейін мемлекеттік-ақпараттық саясаттың салмақты жүгін арқалап, өз заманының жаңалық жаршысына айналған қос басылым жайлы пайымды пікірлер айтылып, баяндамалар оқылды.

Конференция барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов «Сыр бойы» облыстық газетінің Бас редакторы Қ.Шарабадинов пен «Кызылординские вести» облыстық газетінің Бас редакторы Қ.Ботаевқа Құрмет грамотасын табыстап, сый құрмет көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ