Профессор, ардагер-ұстаз Қалназаров Борис Молдабекұлын еске алуға арналған қалалық ғылыми жоба жарысы өтті
- Толығырақ
- Қаралғаны: 34 рет
2019 жылдың 27 қарашасы күні Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, белгілі ұстаз, қолөнерші Қалназаров Борис Молдабекұлын еске алу мақсатында «Білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану және жүзеге асырудың әдістемесі» тақырыбында қалалық ғылыми жоба жарысы өткізілді.
Еске алу жиынына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, мәдениет қайраткерінің қарындасы Қ.Қалназарова, қызы Ә.Қалназарова және ҚР Суретшілер одағы мүшелері, Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және ардагер-ұстаздың қарындасы Қ.Қалназарова естеліктер айтты.
Ғылыми жоба жарысына қатысушылар мектеп мұражайында профессор, белгілі ұстаз, қолөнерші Б.Қалназаровтың шәкірттері жасаған бұйымдарды тамашалады.