Латын әліпбиіне көшу – әлемдік қауымдастықпен сәтті диалог
- Толығырақ
- Қаралғаны: 49 рет
2019 жылдың 22 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік қауымдастықпен сәтті диалог» тақырыбында Республикалық ақпараттық сессиясын өткізді.
Сессия мақсаты – Латын графикасына көшудің маңыздылығы жайлы кеңінен ақпарат тарату, әдістемелік көмек көрсету.
Диалогқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқармасының өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ПШО тренерлері, НЗМ мұғалімдері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері, жаңартылған бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдер мен педагогтер қатысты.
Бірлескен сессияны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев кіріспе сөзбен ашып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Сессия барысында Латын әліпбиіне көшу бағытындағы әдістемелік қолдау жайлы 9 баяндама жасалып, талқыланды.
Сессия қорытындысында іс-шараға қатысушыларға институт тарапынан Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.