Бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумы

2019 жылдың 19 қарашасы күні Қызылорда қаласында бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумы болып өтті. «Партияның басты күші – бастауыш партия ұйымдары» атты тақырыпта ұйымдастырылған жиынға 300-ге жуық «Nur Otan» партиясының мүшелері қатысып, жаңғырудың жаңа жолына түскен партияның алдында тұрған міндеттерін талқылады.

Форумға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының хатшысы Ж.Құлымбетова қатысты.

Облыстың барлық өңірлерінен келген бастауыш ұйым төрағалары                           4 бағытта өткен секциялық жұмыстарға қатысып, саяси ұйымның елдің дамуы бағытындағы жұмыстарын саралап, пікір алмасты.

Пленарлық отырысты облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова ашып, партия жұмысын жаңғырту аясында, партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдары алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті.

Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары, партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Н.Байқадамов партияның беделін арттыруға баса көңіл бөлу керектігін атап өтіп, еліміздің саяси жүйесіндегі «Nur Otan» партиясының орны мен рөліне тоқталды.

Пленарлық отырыста партияның қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыстағы жұмыстарының маңыздылығы, мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы және партия алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес, партиялық бақылау механизімдерін күшейту бағыттары жайлы баяндамалар жасалды.

Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды. Сонымен қатар, қызылордалық нұротандықтар Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Партия паркін бірге қалыптастырамыз» атты акция өткізіп, қала шетінен арнайы партия аллеясын жасақтады. Акция аясында 500-ге жуық ағаш отырғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ