Кітап. Ел. Рух

 

2019 жылдың 1 қарашасы күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Кітап. Ел. Рух» тақырыбында облыстық конференция өткізілді.

Конференция мақсаты – 2018-2022 жылдарға арналған Республикалық «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» жобасын жүзеге асыру. Рухани тәрбиені ұлықтау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара іс-тәжірибе алмасу.

Конференцияға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев және облыстық, аудандық білім беру ұйымдарының әдіскерлері, колледж, мектеп кітапханашылары қатысты.

Конференцияны институт директорының орынбасары С.Серікбаев ашып, жүргізіп отырды.

Конференция барысында институттың кітапхана қызметкері Г.Нүрекеева «Цифрлы қоғам: кітап және кітапхана қызметі», Қызылорда қаласындағы №264 мектептің кітапханашысы Н.Нурышбекова «Кітапханада оқу мәдениетін қалыптастырудың жолдары», С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің кітапхана меңгерушісі Б.Ибрагимова «Кітапханаларға қызмет көрсетудегі жаңа технолориялар мен идеялар» т.б. тақырыптарда барлығы 7 баяндама жасалып, талқыланды.

Конференция қорытындысында үздік баяндамашыларға институт тарапынан Алғыс хаттар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ