ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлымен кездесу

 

2019 жылдың 11 қаңтары күні Қызылорда қаласындағы №9, 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының ұжымы және лицейдің 9, 10, 11-сынып оқушылары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлымен кездесті.

Кездесу барысында М.Бақтиярұлы Елбасы Жолдауындағы жаңалықтар мен Парламенттегі заң қабылдау жүйесі және «Ұстаз мəртебесі туралы» заң жобасын дайындау мәселесі, қоғамда мұғалім мәртебесі мен беделін көтеру мәселелері жөнінде өз ойын білдіріп, ел экономикасының дамуы, халықтың әлеуетін жақсарту туралы ойларымен бөлісті.

Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов «Педагогтердің мәртебесі», мұғалімдердің қоғамдағы орны, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім сапасын көтеру мәселелері және 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауына байланысты қоғамдағы жастардың алатын орны, олардың белсенділігі жайлы өз ойын білдірді.

Лицейдің ұстаздары мен 9, 10, 11-сынып оқушылары өздерін толғандырған өзекті мәселелері бойынша сенаторға сауалдар қойды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы олардың сұрақтарына жауаптар беріп, мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан білім саласына қатысты бағдарламалардың маңыздылығын баяндап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ