«Интерактивті оқыту әдістері» атты әдістемелік семинар

 

 

2018 жылдың 21 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей ұжымы бірлесіп «Интерактивті оқыту әдістері» тақырыбында ӘОШ (әңгіме, ойын, шығармашылық) әдістемелік семинарын өткізді.

Семинар мақсаты – орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен көшбасшылығы арқылы оқушыларға білім беру мүмкіндіктерін анықтау, өзара әдістемелік тәжірибе алмасу.

Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінің директоры Л.Кужаниязова кіріспе сөзбен ашты.

Семинар бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы ашық сабақтар, тренингтер, шерингтер, коучингтер өткізілді. Атап айтқанда, мектеп-лицей мұғалімдері Г.Пірназарова, К.Асанбаевтың ұйымдастыруымен «Тұлғаның әлеуметтануы» шерингі, К.Керембекованың жетекшілігімен «Отбасы және қоғам» тренингі, И.Пак, Ш.Есімованың ұйымдастыруымен «Көшбасшы және оның командасы» тренингі, А.Байдалиева, Н.Нұрманова, Г.Жанахметованың ұйымдастыруымен «Менің болашағым өз қолымда» тренингі, С.Сентаева, Е.Догалакованың ұйымдастыруымен «Бейіні төмен оқушылармен жұмыс жасау ерекшеліктері» тренингі, А.Я.Васейкинаның ұйымдастыруымен «Правописание в сочетаний с шипящими» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «Диалог – көшбасшылықты алға жылжыту құралы» атты дөңгелек үстел өткізіліп, тренерлер мен пән мұғалімдері еліміздегі орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру барысында қол жеткізген жетістіктер, кейбір кемшіліктер мен кедергілер, оларды шешу жолдары жайлы өзара ашық пікір алмасты.

Семинар жұмысы қорытындыланып, лицей басшылығы Құрмет грамоталарымен және пән мұғалімдері Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ