Елбасы Жолдауы талқыланды

2018 жылдың 8 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде институт ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауына байланысты жиын болып өтті.

Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов Елбасы Жолдауындағы білім сапасын арттыру, қоғамда мұғалім мәртебесі мен беделін көтеру мәселелеріне тоқталды.

Жиында Жолдаудан туындайтын мәселелер туралы мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев баяндама жасады. Б.Қожамберлиев баяндамасында әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жүзеге асырылуға тиісті Жолдаудың алты бөліміне кеңінен тоқталды.

Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында институт директорының орынбасары С.Серікбаев, аға оқытушылар М.Орманова, О.Маханбетов, С.Құсейновтер Жолдауға байланысты өз пікірлерімен бөлісті.

Институт директоры Б.Елеусінов жиынды қорытындылап, Жолдауда көрсетілген білім саласы бойынша атқарылатын міндеттерді белсенді орындауға шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ