Ғалым және қоғам қайраткері А.Жұмаділдаевпен кездесу өтті

 

 

Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласына биыл 200 жыл толып отыр. Қызылорданың 200 жылдығы аясында қаламызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік және халықаралық Гумбольд сыйлықтарының иегері А.Жұмаділдаевпен кездесу болып өтті.

Кездесуге «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және институт қызметкерлері мен мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.

Кездесу барысын №264 мектеп-лицей директоры Ұ.Маханова кіріспе сөзбен ашып, профессор А.Жұмаділдаевтың өмір жолына тоқталып өтті.

Академик өз сөзінде Қызылорда өңіріндегі өзгерістерге оң бағасын беріп, Қазақстандағы білім-ғылым дамуы, әсіресе үштұғырлы тіл, латын әліпбиіне көшу мәселелеріне қатысты оқушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Кездесу соңында ұстаз-ғалым мектеп ұжымы мен оқушыларға шығармашылық табыстар тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ