Серікбаева Жаса Көпешқызы

Серікбаева Жаса Көпешқызы 1955 жылы 23 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1981 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1972-74жылдары Жалағаш ауданы, Жалағаш совхозының бастауыш комсомол комитетінің секретары, 1981-91 жылдары Жалағаш ауданы №114 мектепте химия, биология пәндерінің мұғалімі, 1991-2000 жылдары облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында химия кабинетінің меңгерушісі, 2001-2008 жылдарда институт әдіскері, 2009-2011 жылдар аралығында 12 жылдық білім беру мазмұны және әдістемесі кабинетінің меңгерушісі, 2011-2016 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушы қызметтерін атқарған.

I.Авторлық баспа материалдары: ҚР ғылыми-педагогикалық «Химия мектепте», «Биология және салауаттылық» журналдарында, республикалық «Айқын», облыстық «Сыр бойы» баспасөздерінде тұрақты түрде жыл сайын мақалалары жарияланды. 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрген.


II. Авторлық баспа құралдары:
Қызылорда облысының экологиялық жағдайы зерттеліп жазылған «Өлке экологиясы» атты әдістемелік құралы (2005ж.);
 «Микроэлементтер– тіршілік тірегі» әдістемелік құралы (2012ж.);
Ұлы Отан соғысына арналған тәрбие сағаттары үшін «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты авторлық әдістемелік құралдары (2010ж.);
«Заманның заңғар ұстазы – Б.Ділманов» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы (2010ж.);
К.Т.Атабаевтың еңбек жолына арналған «Ұстаздық жолмен қырық жыл» атты облыстық I педагогикалық оқу материалдары жинағы (500бет. 2008ж.);
«Атабаев тағлымы» атты республикалық  II педагогикалық оқу материалдары жинақтарының авторы (450 бет. 2011ж.).
«Атабаев тағлымы» атты республикалық  III педагогикалық оқу материалдары жинақтарының авторы (500 бет. 2013ж.).
«Атабаев тағлымы» атты халықаралық  IV педагогикалық оқу материалдары жинақтарының авторы (550 бет. 2014ж.).
 «Қолданбалы және таңдау курстары» әдістемелік жинағы (2010ж);
 «Факультативтік сабақтар» әдістемелік жинағы 2014;
 «Кәсіби оқытушы – педагог іскерлігінің негізгі бағыты» облыстық конференция материалдары жинағы (2014ж.)

«Биологияны оқытуда PISA халықаралық зерттеулеріне сәйкес

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалау» облыстық конференция материалдары жинағы (2014ж.)

1.«Генетика тарауы бойынша есептердің шығарылу жолдары» (2014ж.) мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған құрал.

2. «PISA халықаралық зерттеулері негізінде жасақталған тапсырмалар үлгісі» әдістемелік жинақ (200бет. 2017ж.).

3.10-нан астам «Қолданбалы және таңдау курстарының авторлық бағдарламасы» дайындалып тараттылды.

4.Химиядан сыныптан тыс жұмыстар (2016ж.).

5.«Үздік әдістемелік құралдар байқауы» әдістемелік құрал (2014ж.).

 

III. Ұстаздардың озат іс-тәжірибесін зертеу бағытында төмендегі авторлық әдістемелік құралдарды даярлады:

1.«Химия XXI ғасырда» №11 мектептің химия пәні мұғалімі Г.Рекешованың тәжірибесі – 2006ж;

2. «Путешествие по стране, которую называют химией» атты нұсқаулықта №6 мектептің химия пәні мұғалімі Г.Орғараеваның тәжірибесі – 2005ж;

3. «Жырладым өмір атты сүйгенімді» өлеңдер жинағында тәжірибелі ұстаз биология пәні мұғалімі Т.Әшірбекованың іс-тәжірибесі жинақталып жарияланды – 2011ж.

IV. Мадақтаулары:

1.Институттың «Құжат және біз» атты сайысында I дәрежелі диплом 2007ж.

2.Облыс әкімінің алғыс хаты, бағалы сыйлықтарымен – 2005, 2007ж.ж.

3.II Халықаралық «XXI ғасыр ұрпақтары даму тенденциясы» атты ғылыми-практикалық конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін құрмет грамотасымен – 2009ж. Алматы.

4.«Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан» атты Республикалық фестивалін ұйымдастырудағы жемісті еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Алматы – 2010ж.

5.Білім беру саласындағы ерен еңбегі ұшін «Қызылорда облысы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, 2011ж.

6.«Шығармашыл ұстаз» төс белгісімен, 2012ж.

7.ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған – 2010ж.

8.Білім беру саласындағы табысты еңбек жолы үшін – «Д.И.Менделеев атындағы медальмен» марапатталды (2011ж.)

9.Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығының Егеменді еліміздің 25 жылдық мерей тойына арнап «Саналы ұрпақ тәрбиелеуде қосқан ерен еңбегі үшін «ҚҰРМЕТ» медалімен марапатталды (30.11.2016.).

 

 V. Баспасөз бетінде ұстаздың еңбек жолы мадақталған мақалалар:

1.«Егемен Қазақстан» баспасөзінде «Мамандығы – мақтанышы» атты мақала (2007ж. авторы Серік Пірназар). Мақалада еңбек жолы мадақталған.

2.ҚР ғылыми-педагогикалық «Химия мектепте» журналында «Ұстаздықтың ұлы жолы» атты мақала (2008ж. авторы Күлаш Сариева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Алматы).

3.Қызылорда облыстық «Сыр бойы» баспасөзінде «Ұстаздықты ғылыммен ұштастырған» атты мақалада 40 жылғы еңбек жолы және шығармашылық жолындағы табыстары көрсетілген (11.02.2016ж. №21саны). Мақала авторы Р.Марсали Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тренері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ