ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

 

15 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 15 ақпаны күні Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Д.Назарбаева, Б.Айтимова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор Г.Ахметова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал директорлары, ЖОО ректорлары мен облыстардың білім басқармасы басшылары қатысты.

Толығырақ...

Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – өзін-өзі тануға негізгі рухани жол

13 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 13 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы базасында «Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – өзін-өзі тануға негізгі рухани жол» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысының мақсаты – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтар негізін мектептегі оқу пәндеріне кіріктіруге бағыт-бағдар беру.

Толығырақ...

Біліктілік арттыру курстары басталды

8 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 8 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында институт базасы мен аудандарда ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарының дайындығын талқылау мақсатында жиын өтті.

Жиынды институт директоры Б.Елеусінов кіріспе сөзбен ашты.

Жиында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тиімді оқыту мен оқу сапасын арттыру, жаңа оқу жылының ерекшеліктері және курстарды кеңсе заттарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Толығырақ...

«Т.Жүргеновтің қалдырған мұралары» атты тарихи кеш

8 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 8 ақпаны күні Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде ұлтымыздың мақтанышы, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің құрметіне орай «Т.Жүргеновтің қалдырған мұралары» тақырыбында тарихи кеш болып өтті.

Тарихи кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев және облысымыздың тарихшы-ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Облыстық «Үздік тіл маманы-2019» байқауы

8 ақпан 2019 жыл

2019 жылдың 8 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының демеушілігімен облыстағы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі қазақ тілінде емес сыныптардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Үздік тіл маманы-2019» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық байқаудың 9 жеңімпазы қатысты.

Толығырақ...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ